Допты хоккей: «Ақжайық» орынборлық «Локомотив» командасын ірі есеппен жеңді
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жергілікті «Жастар» стадионында Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді.
Кешегі ойын 7:4 есебімен «Ақжайықтың» пайдасына шешілген еді. Бұл жолы да осы есеп қайталанды.
Кездесуде команда капитаны Максим Өтебалиев хет-триктің авторы атанса, Денис Максименко, Иван Захаров, Артем Лапшин, Максим Пахомов қарсылас команда қақпасына бір-бір дотан енгізді. Ал орынборлық клуб сапынан Сергей Ромашов екі доп салса, Евгений Трунев пен Шамиль Мамедов бір рет нысананы дәл көздеді.
Екінші топта 20 кездесуден кейін 48 ұпаймен жеке-дара көш бастап келе жатқан Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі ойындарын 11-12 ақпанда өз айдынында «Волга-Черемшан» (Ульяновск) командасына қарсы өткізеді.
Бұдан бұрын Ульяновскіде «Ақжайық» 5:11, 6:7 есебімен есе жіберген еді. «Ақжайық» енді қарымта қайтаруға тырысады.
Дереккөз: kaz.inform