Футзал

Алғаш рет! Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде 4-орынға көтерілді

Алғаш рет! Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде 4-орынға көтерілді
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы УЕФА рейтингінің жаңартылған нұсқасында 4-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

УЕФА рейтинг кестесіндегі ақпаратқа сай, Португалия, Ресей және Испания құрамалары ғана біздің ойыншылардан жоғары.

Ал Futsal Planet нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 6 орында. Әлемдегі ең беделді Futsal Planet порталының рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 6 орынға ие болды. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 18 желтоқсанында шықты.

Айта кетейік, Пауло Рикардо Кака шәкірттері 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алды.

Басқа спорттық жаңалықтар