Футбол

«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа қосылды

«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа қосылды
"Эвертон" ФК

27 жастағы Того футболшысы Давид Эненмен «Тобылмен» екі жылға келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың бапсасөз қызметі. 

Давид Бельгияда дүниеге келген, мансабын жергілікті командаларда бастады. 2010 жылы футболшы «Стандардтан» «Андерлехтке» ауысты. Содан кейін оның мансабында «Флитвуд Таун», «Эвертон», «Олимпиакос», «Шарлеруа», «Гренобль» клубтары болды. «Тобылға» дейін Бельгияның «Кортрейк» командасында ойнады.

Эненнің халықаралық мансабы Бельгия жасөспірімдер құрамасында басталды. 2019 жылы Того ұлттық құрамасымен бірге Африка Ұлттар кубогының іріктеу турниріне барды. Того ұлттық құрамасында 17 матч өткізіп, 2 гол соқты.

Давид Энен – әмбебап футболшы және шабуылда кез келген позицияны жаба алады. Үнемі қозғалыста, белсенді, қақпаға тікелей ұмтылатын аяқ-доп шебері.

Айта кетейік, Энен Бельгияның жоғарғы лигасында 60-тан астам матч өткізді.

Басқа спорттық жаңалықтар