Теннис

Данилина жұптық сында Чарльстондағы турнирдің ширек финалына өтті

Данилина жұптық сында Чарльстондағы турнирдің ширек финалына өтті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалына өтті.

Данилина қытайлық Чжан Шуаймен жұптық сында бастапқы кездесуін бразилиялық Ингрид Гамарра-Мартинс – белоруссиялық Лидия Морозовамен өткізді. Бір сағат 14 минутқа созылған бұл матчте қазақстандық-қытайлық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді Данилина мен Шуай дуэті жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Далайна Хьюитт және Мария Матеаспен ойнайды

Басқа спорттық жаңалықтар