Кәсіби бокс

Кәсіпқой боксшы Ербосынұлы промоутерлерімен қош айтысты

Кәсіпқой боксшы Ербосынұлы промоутерлерімен қош айтысты
Suleimen Promotions

"Suleimen Promotions" кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлымен келісімшартты бұзды. Компанияның баспасөз қызметі мәліметінше, екі тарап та осындай мәмілеге келген.

"Әр түрлі аспектілерді мұқият талқылай отырып, таразылаған соң, тараптар ынтымақтастықты аяқтау туралы шешім қабылдады. Боксшыға жаңа мүмкіндіктер іздеуге жол беріп, "Suleimen Promotions" қанатында болған кездегі жетістіктері үшін алғыс білдірді. Біз Айдос Ербосынұлымен ынтымақтасуға және оның спортшы ретінде дамуын көруге мүмкіндік алғанымызды мақтан тұтамыз. Оның адалдығы, кәсібилігі мен табандылығы әрқашан біздің тарихымыздың маңызды бөлігі болып қала береді. Айдосқа болашақ талпыныстарына сәттілік тілейміз және оның таланты мен жоғары нәтижеге жетуге деген ұмтылысы оны жаңа биіктерге жетелейтініне сенімдіміз", - деп жазды "Suleimen Promotions" өкілдері.

2022 жылы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) жекпе-жектің он екінші раундында ауыр нокаутқа түсіп, Айдосты рингтен зембілге салып алып кеткен еді.

Басқа спорттық жаңалықтар