ММА

Рахмоновты айқасуға шақырған файтер ауыр жарақат алып қалды

Рахмоновты айқасуға шақырған файтер ауыр жарақат алып қалды
Fox Sports

Майамиде өткен UFC 299 турнирінде аустралиялық файтер Джек Делла Манделла қазақстандық Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді. Қазақстандық спортшы дайынмын жауап берген болатын. Алайда бұл жекпе-жектің енді жуық арада өтуі екіталай.  

Джек Делла Манделла UFC 299 турнирінде Гилберт Бернспен шайқасты. Үшінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Осы жекпе-жекте файтер қолын сындырып алған.

UFC жаңарған рейтингінде Манделла жартылай орта салмақта 6 саты жоғарылады. Ал отандасымыз Шавкат Рахмонов үздік үштікте.  Екі спортшы арасындағы жекпе-жек жақын арада өтуі екіталай. Аустралиялық спортшы жарақатына ота жасатады.

Сондай-ақ Шавкат та қазір жарақатын емдетіп жүр. 


Басқа спорттық жаңалықтар