ММА

"Жүр сыртқа": Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтермен ерегесіп қалды

Қазақстандық актер және жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Одилхон Камоловпен ерегесіп қалды.

Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов Octagon промоушенінің Youtube желісіндегі подкастында қонақ болды. Әңгіме барысында Одилхон Еркебұланды жекпе-жекке 1 мәрте шақырғанын айтты. Ал қазақстандық файтер оны жоққа шығарып, 2 мәрте шақырту алғанын мәлімдеді. Кейін екі файтер сөзге келіп қалды. Дегенмен подкаст жүргізушісі оларды сабырға шақырып, төбелестің алдын алды.

Еске салайық, 2022 жылы Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов жекпе-жекке шығып, өзбекстандық файтер жеңіске жеткен еді. Енді екеуі 9 наурызда Алматыда өтетін OCTAGON 56 турнирінде тағы да кездеседі.

Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегінде Ресей өкілі Константин Чередниченконы нокаутпен жеңген болатын.


Басқа спорттық жаңалықтар