UFC

«Той-томалаққа баруды тоқтатпады»: Азат Мақсұмның жеңілуінің себебі айтылды

«Той-томалаққа баруды тоқтатпады»: Азат Мақсұмның жеңілуінің себебі айтылды

UFC лигасына былтыр ғана аяқ басып, екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалған қазақстандық файтер Азат Мақсұмның менеджері сұхбат беріп, сәтсіздікке не себеп болғанын айтып берді.

Қазақстандағы OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов Sports.kz сайтына берген сұхбатында Азаттың «әлсіз» тұсын атап өтті.

«Оның жеңілуінің басты себебі – кәсіби спортшы режимінің бұзылуы. Бұған оның жанында жүрген «түсініксіз» достары себеп болды. Ең жақын адамдары: туғандары мен жеке бапкері және мен Азатқа бірнеше рет ескерту жасап, той-томалаққа, қажетсіз жиындар мен отырыстарға баруды тоқтату керектігін айттық.

Өкінішке қарай, ол тоқтатпады. Бұл оның жаттығуының сапасына, диетаның бұзылуына, артық салмақтың пайда болуына алып келді. Салдарының қандай болғанын көрдіңіздер. Ал, оның жаңағы достары әлі жанында жүр», - деді Садықов.

Оның сөзінше, Азат «жоқ» деп айта алмайтын адамдардың қатарынан. Жақын адамдарды ренжітіп алмау үшін шақырған жерден қалмайды.

«Ал, енді нәтиже керек болса жоқ деп айтуды үйрену керек», - деп сөзін түйді менеджер.

Айта кетейік, Азат Мақсұм өткен аптада Лас-Вегаста өткен UFC кешінде америкалық файтер Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалды.


Дереккөз: 1bol.kz

UFC

Басқа спорттық жаңалықтар