Футбол

Роналдудың командасы "Мю" қорғаушысына көз тікті

Роналдудың командасы
Goal

Саудиялық  "Әл-Наср" англиялық "Манчестер Юнайтедтің" франциялық қорғаушысы Рафаэль Варанға ұтымды ұсыныс жасамақ, деп жазады dailystar.co.uk.

"Әл-Наср" футболшыға жылына 50 миллион фунт төлеуге дайын. 30 жастағы қорғаушы команда ауыстыруға қарсы емес, ал "МЮ" оған кедергі жасмайды. 

Варан "МЮ" сапында 2021 жылдан өнер көрсетіп келеді, ал оның трансферлік құны 25 миллион еуро.

Айта кетейік, Варан "Реал" мен "МЮ" сапында Криштиану Роналдумен бірге ойнаған. 

Басқа спорттық жаңалықтар