Футбол

"Арсенал" АПЛ27-турында қарсыласына жауапсыз 6 гол салды

"Арсенал" ФК

Футболдан ағылшын премьер-лигасының 27-турында Лондонның "Арсенал" командасы сырт алаңда "Ноттингем Форест" клубын 6:0 есебімен ойсырата ұтты. 

"Канонирлер" 6 голдың 5-ін бірінші таймда соқты. Мартин Эдегор, Габриэль Мартинелли, Кай Хаверц және Деклан Райс мергендігімен көзге түссе, бір голды алаң иелері қорғаушысы Джейден Богл өз қақпасына соғып алды. Екінші таймда Бен Уайттың бір голымен соңғы нәтиже тіркелді. 

"Арсенал" жетінші ойын қатарынан жеңіске жетті. 61 ұпаймен АПЛ турнир кестесінде 3-орында келеді. Көш басындағы "Ливерпульден" 2 ұпайға қалып тұр. 

27 ойында 13 ұпай жинаған "Шеффилд Юнайтед" турнир кестесінде соңғы орынға (20-орын) жайғасқан.

Басқа спорттық жаңалықтар