Футбол

Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жазда Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Екі тараптың футбол федерациялары ойын өткізу жайлы келісімге келді. 

Жолдастық кездесу 7 маусым күні Ереван қаласындағы Республикалық стадионда өтеді. Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталған.

Қазақстан FIFA рейтингінде 100-орында болса, Армения 93-орында тұр. 

Айта кетейік, наурызда өтетін Грекияға қарсы маңызды кездесуге дейін Магомед Адиев шәкірттері тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. 14 наурыз күні Дубайда Түрікменстан құрамасымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар