Теннис

Қазақстандық теннисші Бублик Монпельедегі турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Бублик Монпельедегі турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды
ktf.kz

Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда әлемнің 37-ракеткасы, хорватиялық, 27 жастағы Борна Чоричпен бетпе-бет келді. Хорватиялық спортшы осыған дейін Марракеш, Галле және 2022 жылы Цинциннати мастерс турнирінде үздік шығып, әлемдік рейтингіде 12-орынға дейін көтерілген еді.

Қарсыласынан бір жас кішілігі бар Бублик бұдан екі жыл бұрын осы Монпелье, былтыр Антверпен және Галле жарыстарының чемпионы атанған еді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 5:7. Есесіне екінші сетті қос брейкпен өз пайдасына жазды – 6:2. Үшінші, шешуші партияда Бублик тағы да брейкпен алда болды – 2:0. Осы қарқынынан ақыры танған жоқ – 6:3.

Осылайша, Александр Бублик Монпельеде екінші рет чемпион атанып отыр.


Басқа спорттық жаңалықтар