ХК "Барыс"

Бүгін «Барыс» өз айдынында «Авангардпен» ойнайды

Бүгін «Барыс» өз айдынында «Авангардпен» ойнайды
"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 10 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 78 рет ойнап, оның жиырма алтысында ғана астаналық клуб жеңіске жетіп, қалған ойында ресейлік команда басым болған. Екеу ара ойындардың кейінгі бесеуінде қазақстандық клуб төрт рет ұтылған.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын елордада өткізіп, 16 қазанда «Салават Юлаев» (Уфа) клубымен шеберлік байқасады.

Басқа спорттық жаңалықтар