Каратэ

Қазақстандық жас каратэшілер Азия чемпионатында үздіктер қатарына кірді

Қазақстандық жас каратэшілер Азия чемпионатында үздіктер қатарына кірді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан командасы WKF каратэден Азия чемпионатында үшінші орын алды.

Манила қаласында (Филиппин) жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 4 алтын, 6 күміс, 4 қола еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.

25 медаль (16 алтын, 1 күміс, 8 қола) иеленген Жапония командасы топ жарса, ал екінші орында Иран елі (10 алтын, 4 күміс, 9 қола) тұр.

Соңғы жарыс күндерінің нәтижесі:

18-20 жас аралығы

Алтын - Даяна Даренская (61 кг)

Алтын -Венера Жақсыбаева (68 кг)

Күміс - Асылай Савидова (+68 кг)

16-17 жас аралығы

Алтын - Ергенбай Бейбарыс (68 кг)

Алтын - Қадырғали Әлихан (76 кг)

Күміс - Әбдіқадыр Мирас (55 кг)

Күміс - Дияна Серғазина (48 кг)

Қола ⁠- Гүлнұр Қойшыбай (59 кг) ⁠

Қола - Алуа Жұмаділдә (+66 кг). 

Басқа спорттық жаңалықтар