Теннис
Қазақстандық жас теннисші Мысырдағы ITF тунирін жеңіспен бастады

Андрей Ударцев, KTF
Қазақстандық жас теннисші Аружан Сағындықова Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде жұптық сындағы алғашқы кездесуін өткізді.
Қазақстандық теннисші румыниялық Александр Йордачемен бірге швейцариялық Лаура Хоицки және франциялық Эаэль Молонгоға қарсы ойнады.
1/8 финалдық кезеңде өтке бұл ойын бір сағат 18 минутта аяқталып, 6:3, 6:3 есебімен қазақстандық-румыниялық дуэттің прайдасына аяқталды.
Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық теннисші қазір жұптық сындағы WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 896-шы орында тұр.