Үстел теннис

Қазақстандық үстел теннисшілер халықаралық турнирдің соңғы күні 9 жүлде алды

Қазақстандық үстел теннисшілер халықаралық турнирдің соңғы күні 9 жүлде алды
ҚР ҰОК

Батумиде (Грузия) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды. Жарысқа Әзербайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина, Өзбекстан секілді елдерден келген спортшылар қатысты.

Турнирдің соңғы күнінде қазақстандық теннисшілер қоржынға тоғыз жүлде салды.

19 жастағы қыздар арасында: 1-орын Сарвиноз Миркадирова, 2-орын Жанерке Көшкімбаева.

19 жастағы ерлер арасында: 3-орын Арнұр Оралханов.

15 жастағы қыздар арасында: 2-орын Мария Лукьянова, 3-орын Ноила Ханиязова.

11 жастағы қыздар арасында: 1-орын Жания Бекмұхамбетова, 3-орын Назерке Болатбек.

11 жастағы ұлдар арасында: 1-орын Абай Жұмағұл 3-орын Олег Яковлев.

Басқа спорттық жаңалықтар