Теннис

Қазақстандық теннисші Монпелье турнирінің екінші айналымына шықты

 Қазақстандық теннисші Монпелье турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Шевченко алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 194-орында тұрған чехиялық Далибор Сврчинамен кездесті.

Бірінші партияда чехиялық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, Шевченко есе қайырды - 6:4. Есесіне екінші сетте Сврчина дәл сондай есеппен басым түсті - 6:4. Шешуші, үшінші партияда қазақстандық спортшы жеңіліп жатып, ұтып кетті - 6:4.

2 сағат 50 минутқа созылған матчта Александр 8 эйс жасап, 22 брейк-пойнттың жетеуін пайдалана алды. Қарсыласы 6 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррермен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар