Теннис
Әмір Омарханов CHINA OPEN турнирінде топ жарды
ҚТФ
18 жасқа дейінгілер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Әмір Омарханов Қытай астанасы Бейжіңде өткен ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирінің чемпионы атанды.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) ұтты – 6:0, 6:4.
Бұл Омархановтың жекелей сында ITF Juniors додаларындағы алтыншы титулы. Бұдан бұрын Қарағанды теннис мектебінің түлегі Таиландта (J300), Кореяда (J300), Мысырда (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) үздік шыққан еді.
Бейжіңдегі жетістігі арқасында Әмір бүгін, 7 қазанда жаңартылатын ITF жасөспірімдер рейтингісінде ТОП-10-ға кіреді.