Бокс

Айбек Оралбай екінші қарсыласын нокаутқа түсірді

Айбек Оралбай екінші қарсыласын нокаутқа түсірді
ҚР ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Шымкенттегі халықаралық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді.

92 келіден аса салмақтағы 1/4 финалда Айбектің қарсыласы түркиялық Айдемир Угур болды. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Оған дейін түркиялық бір рет нокдаунға түскен екен.

Осылай Айбек Оралбай осы жарыста екінші қарсыласын нокаутпен жеңіп отыр.

Еске салайық, 1/8 финалда қазақстандық боксшы украиналық Кирилл Стоянцевті де бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Басқа спорттық жаңалықтар