Дзюдо

Қазақстандықтардың Франциядағы дзюдо турнирнідегі алғашқы қарсыластары белгілі

Қазақстандықтардың Франциядағы дзюдо турнирнідегі алғашқы қарсыластары белгілі
olympic.kz

Франция астанасы Парижде дзюдодан Grand Slam турниріндегі қазақстандық балунадардың қарсыластары анықталды. 

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай беріледі. Жеңімпаз 1000 ұпай, күміс жүлдегер – 700, ал қол алған балуанға 500 ұпай беріледі. Айта кетейік, бұл жарысқа 110 елден 661 балуан қатысады.

Қазақстандық балуандардың алғашқы айналымдағы қарсыластары:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев - Достон Рузиев (Өзбекстан), Елдос Сметов - Адель Хамада (Египет)

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев - Крист Мупата (Конго Демократиялық Республикасы), Есет Қуанов - Уиллис Гарсия (Венесуэла)

73 келі: Асқар Нарқұлов - Кипраниус Андреу (Кипр), Данияр Шамшаев - Хосе Антонио Аранда Олалла (Испания)

81 келі: Абылайхан Жұбаназар - Томас Моралес (Аргентина), Руслан Мусинов - Мұса Сабыров (Өзбекстан)

90 келі: Айдар Арапов - Кевин Будаин (Камерун), Ермахан Әнуарбеков - Егор Воропаев (Ресей)

100 келі: Нұрлыхан Шархан - Натан Киив, Бекзат Шағатаев - Бразилия/Түркменстан жұбының жеңімпазы

100 келі: Ғалымжан Қырықбай - Тедди Ринер, Ерасыл Қажыбаев - Джозеф Терхек.

Басқа спорттық жаңалықтар