Теннис

Недовесов жұптық сында Испаниядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Недовесов жұптық сында Испаниядағы турнирдің жартылай финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің жартылай финалына өтті.

Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар ширек финалда германиялықтар Якоб Шнайттер пен Марк Валлнермен бір сағаттай ойнап,  6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Енді қазақстандық - эквадорлық дуэт нидерландылық Сандер Арендс пен Матве Мидделкоп және пәкстандық Айсам-Үль-Хак Куреши – испаниялық Давид Вега Эрнандес матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар