Теннис
Қазақстандық теннисші жұптық сында Түркиядағы турнирдің финалына жолдама үшін таласады
instagram.com/sonia.zhy
17 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына өтті.
Жиенбаева венгриялық Амарисса Киара Тотпен бірге екінші айналымда марокколық Ая Эль-Ауни және украиналық Дарья Есыпчукдуэтін 7:5, 4:6, 11:9 есебімен ұтты.
Қазақстандық - венгриялық жұп енді финалға жолдама үшін жапониялықтар Маюка Айкава – Фуна Козакимен ойнайды.
Айта кетейік, Жиенбаева жекелей сындағы екінші айналымда жапониялық Маюка Айкаваға 2:6, 4:6 есебімен ұтылып, ширек финалға шыға алмай қалды.