Таэквондо
Теміржан Тасқын таеквондодан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
olympic.kz
Қазақстандық таеквондошы Теміржан Тасқын Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы 48 келіге дейінгі салмақта үшінші орынды иеленді. Турнирде алтын жүлдені ирандық спортшы Мехди Размиян қанжығасына байлады. Ал екінші орын испаниялық Хайро Тригосқа бұйырды. Тағы бір «қоланы» Өзбекстаннан келген Бехруз Салимов алды.
Айта кетелік, Қазақстан командасының қоржынында қазіргі таңда үш медаль бар. Бұған дейін Нұрай Қазнабек (59 келіге дейінгі салмақ) пен Нұрали Махмұт (55 келіге дейінгі салмақта) күміс жүлдегер атанған болатын.