Бокс

Шымкенттегі халықаралық турнирдің барлық жеңімпазы анықталды

Шымкенттегі халықаралық турнирдің барлық жеңімпазы анықталды
ҚБФ

Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. 13 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып, жеңімпаздар анықталды.

. 48, 54, 71 келідегі финалдық жекпе-жектер түрлі себептермен өтпеді. 57 келіде Оразбек Асылқұлов, 60 келіде Бейбарыс Жексен алғаш рет тәжірибелі қарсыластарынан есесін қайтарды.

  2023 жылмен салыстырғанда чемпиондар 100%-ға жаңарды. Жүлдегерлер ақшалай (1-орын – 150 мың теңге, 2-орын – 100 мың теңге, 3-орын – 50 мың теңге) сыйақымен марапатталды.

Ең егде чемпион – 36 жастағы Теміртас Жүсіпов.

48 келіге дейінгі салмақта: Теміртас Жүсіпов, 51 келіге дейінгі салмақта: Дамир Әбдіқадыр, 54 келіге дейінгі салмақта: Нұрсұлтан Алтынбек,   57 келіге дейінгі салмақта: Оразбек Асылқұлов,    60 келіге дейінгі салмақта: Бейбарыс Жексен,  63,5 келіге дейінгі салмақта: Ертуған Зейнуллинов,    67 келіге дейінгі салмақта: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы,  71 келіге дейінгі салмақта: Сабыржан Аққалыков,  75 келіге дейінгі салмақта: Диас Молжігітов,  80 келіге дейінгі салмақта: Ерасыл Жақпеков,  86 келіге дейінгі салмақта: Бекзад Нұрдәулетов,  92 келіге дейінгі салмақта: Сағындық Тоғамбай,  92 келіден жоғары салмақта: Айбек Оралбай.

  Турнирдің үздік боксшысы – Оразбек Асылқұлов (57 келі).   Жеңіске деген ұмтылыс – Никита Засенок (Украина, 80 келі).

Басқа спорттық жаңалықтар