Жәнібек Әлімханұлы титулды айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді
Бүгін, 4 қазанда орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралия астанасы Сиднейде титулды айқас өткізді. Қазақстандықтың қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович (21-1, 13 КО) болды.
Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда Жәнібек қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді.
Әлімханұлы екінші раундта-ақ Михайловичті ұрып құлатты, дегенмен осы кезде раунд аяқталып, жаңа зеландиялық боксшы аман қалды. Оған тек нокдаун есептелді. Ары қарай Андрей біраз қарсылық көрестуге тырысты, дегенмен тоғызыншы раундта қазақ боксшы қарсыласын ұрып құлатқан сәтте төреші айқасты тоқтатты.
¡SE ACABÓ! 💥
— Top Rank en Español (@trboxeo) October 4, 2024
Janibek Alimkhanuly puso fin al combate en el noveno round ante Andrei Mikhailovich. #JanibekMikhailovich | EN VIVO x @ESPNPlus pic.twitter.com/GRcCwwgtbs