Күрес түрлерінен ел чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды
Бүгін Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталып, алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Ел біріншілігінің алғашқы күні грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
55 келі:
1-орын - Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу облысы)
2-орын - Айбек Айтбеков (Астана қаласы)
3-орын - Ербол Камалиев (Алматы облысы)
3-орын - Қасым Аден (Түркістан облысы)
63 келі:
1-орын - Ержет Жарылқасын (Жамбыл облысы)
2-орын - Диас Әскербай (ШҚО)
3-орын - Айбек Есмұратов (Қостанай облысы)
3-орын - Мұхамедәли Мамырбек (Шымкент қаласы)
72 келі:
1-орын - Николай Хапко (СҚО)
2-орын - Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы)
3-орын - Әділхан Сатаев (Шымкент қаласы)
3-орын - Елдос Камелов (ШҚО)
82 келі:
1-орын - Евгений Поливадов (Атырау облысы)
2-орын - Альмир Төлебаев (Жетісу облысы)
3-орын - Талас Әшірханов (Жамбыл обл.)
3-орын - Мирас Баршылықов (Қостанай облысы)
97 келі:
1-орын - Олжас Сырлыбай (Қызылорда обл.)
2-орын - Иусуф Мациев (Қостанай обл.)
3-орын - Ислам Умаев (Алматы қ.)
3-орын - Ерұлан Искаков (Қарағанды обл.)
Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шеберлері қатысуда.
Осы біріншілікте топ жарған балуандар Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.
Дереккөз: kaz.inform