Бокс

Карина Ибрагимова Испаниядағы халықаралық турнирде жеңіліс тапты

Карина Ибрагимова Испаниядағы халықаралық турнирде жеңіліс тапты

Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite-2024 халықаралық турнирі басталды. Байрақты додаға Қазақстан әйелдер командасы қатысуда.

Атап айтсақ, Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) өнерлерін жартылай финалдан бастайды. Демек, бұл боксшылар жарысты бастамай жатып, қола медальға қол жеткізіп тұрғаны анық.

Ал Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) жекпе-жекті бірден финалдан бастайды. Бұл боксшыларымыздың қолында қазірдің өзінде турнирдің күміс жүлдесі тұр.

Ал 57 келідегі Карина Ибрагимова жергілікті боксшыдан жеңіліп, жарысты аяқтады.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар