Теннис
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші жұптық сында Индор (Үндістан) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге екі кездесуін сәтті өткізді. Қазақстандық-грекиялық жұп алдымен жергілікті теннисшілер Кашиш Бхатиа – Смрити Бхасинды ойсырата жеңді – 6:0, 6:3.
Ал ширек финалда бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта үндістандық Шармада Балу – латвиялық Диана Марцинкевичті сан соқтырды – 6:1, 7:5.
Енді Жібек Құламбаева мен Сапфо Сакеллариди финалға шығу үшін америкалық Джесси Энни – германиялық Лена Пападакиспен шеберлік байқасады.
Дереккөз: kaz.inform