ММА
Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2024 жылдың наурыз айында Тайландта жекпе-жек өткізеді.
«Келесі жекпе-жек наурыз айының басында өтуі керек. Келісім-шарт қазірдің өзінде қолымызда... Дәл сол себепті мен Тайландта осы жекпе-жекке дайындалып жатырмын.
Нақты уақытты және қарсыласты кейінірек хабарлаймыз. Бірақ қарсыластар үміткерлерінің арасында қазірдің өзінде қызықты есімдер бар, олармен келіссөздер жүргізілуде», - деді Хамитов.
Хамитов (26-7-2) алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 19 мамырында Алматыда өткен Hardcore MMA 62 турнирінде бірауыздан шешіммен грузиялық Залимхан Юсуповты (19-15) жеңген болатын.
Дереккөз: prosports.kz