Бокс
Назым Қызайбай сыйға алған көліктерді сататынын мәлімдеді

olympic.kz
Париж олимпиадасында бокстан қола медаль алған Назым Қызайбай сыйға алған көліктерді сататынын мәлімдеді.
Спортшы елге жүлдемен оралған соң демеушілер оған үш автокөлік сыйлаған болатын. Назым Қызайбай сыйға берілген үш көліктің екеуін сатайын деп жатқанын айтты. Спортшы мұндай шешімге ақша қажет болғандықтан келгенін де жасырмады.
Еске салайық, Париж олимпиадасында қола медаль алған Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық қыздан жеңіліп, сұхбат берген кезде жылап қалған болатын.