Футбол

Әлемде ең қымбат футбол командалардың рейтингі жарияланды

Әлемде ең қымбат футбол командалардың рейтингі жарияланды
Instagram/realmadrid

Халықаралық спорт сараптама орталығы (CIES) құрамындағы ойыншылар құны бойынша әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін түзіп шықты.

Ұйым мамандары рейтингті түзу үшін 60 елдегі лига командаларын зерттеп шыққан. Әр командадағы ойыншылардың келісімшарт уақыты мен құнын бағалаған, жалда жүрген ойыншыларын да назарға алған.

Зерттеу нәтижесі бойынша құрамы бойынша ең қымбат клуб мәртебесін Мадридтің "Реал" командасы иеленген. "Корольдік клуб" ойыншыларының жалпы құны 1,728 миллиард еуроны құраған.

Алғашқы бестікке "Манчестер Сити" (1,471 млрд еуро), "Челси" (1,388 млрд еуро), "Арсенал" (1,225 млрд еуро) және "Барселона" (1,224 млрд еуро) командалары енген.

Басқа спорттық жаңалықтар