Велоспорт

«Astana Qazaqstan Team» велоклубы Сауд Арабиясындағы көпкүндікке қатысады

 «Astana Qazaqstan Team» велоклубы Сауд Арабиясындағы көпкүндікке қатысады

Бүгін Сауд Арабиясында «Аль-Ула Тур» көпкүндігі басталады. Оған қазақстандық «Astana Qazaqstan Team» велоклубы құрамында қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды.

Көпкүндік 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткізіледі. Аталған жарысқа команда сапында Хенок Мулюбырхан, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Глеб Сырица, Даниил Марухин, Николя Винокуров және Алессандро Ромеле қатысады.

Сондай-ақ қазақстандық Дмитрий Груздев «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен келісім-шартты ұзартты.

Дмитрий Груздев қазақстандық жобада 12 толық маусымды өткізді. Осы кезеңде 9 Гранд-тур мен 20 монументалды классикалық жарыстардан өтті. Онда ол әрқашан командалық мақсаттар мен көшбасшыны қолдауда толықтай ойын өрнегін көрсете алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы көпкүндік «Тур Даун Андер» жарысына қатысты.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар