Футбол

Қазақстан құрамасы Грекиға қарсы ойын алдында Түрікменстанмен кездеседі

Қазақстан құрамасы Грекиға қарсы ойын алдында Түрікменстанмен кездеседі

Наурызда Ұлттар лигасы аясында Грекия құрамасымен ойнайтын Қазақстан футболшылары оқу-жаттығу жиынын Дубайда өткізетін болды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиын 8 наурызда басталады. Ал, 14 наурызда Магомед Адиев шәкірттері Түрікменстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Қазақстан мен Грекия арасындағы кездесу 21 наурызда Афиныда өтеді. Бұл матчтың жеңімпазы Грузия-Люксембург арасындағы ойынның жеңімпазымен Еуропа чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салмақ.

Басқа спорттық жаңалықтар