Футбол

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы шетелдік командаға қосылды

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы шетелдік командаға қосылды
Instagram

Минсктің «Ислочь» футбол клубы 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеевті сапына қосты, деп жазады kazfootball.kz. 

Көбеев алматылық «Қайраттың» түлегі. Ол Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» командасының вице-капитаны болған. Бірінші лигада 40 матчқа қатысып, 2 гол салды және төрт ассист жасаған. 2021 жылдың күзінде ол УЕФА жастар лигасында өнер көрсете бастаған.

Мирас Қазақстан жасөспірімдер (U-17) және жастар (U-19) құрамаларына шақыртылып жүр.

Басқа спорттық жаңалықтар