Жас теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
16 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға көтерілді.
Бұл – қазақстандық жасөспірімдер арасында ең үздік көрсеткіш.
Бұдан бұрын Қазақстан теннисі түлектерінен ешкім әлемдік рейтингіде мұндай биікке көтерілген емес.
Осыған дейін рейтингіде 27-сатыда тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жеткен еді.
Сол секілді АТР рейтингісінде алматылық Денис Евсеев 184-тен 176-ға жоғарылап, өзінің жеке көрсеткішін жаңартты. Ол 3-4 ақпанда Росарио қаласында Дэвис кубогінің іріктеу кезеңінде Аргентинамен өтетін матчта қазақстандық құраманы бастап шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның матчы үздіктер қатарына енгізілгенін жазған едік.
Дереккөз: kaz.inform