Жеңіл атлетика

Жеңіл атлет Давид Ефремов Астанадағы ірі жарыста ел рекордын орнатты

Жеңіл атлет Давид Ефремов Астанадағы ірі жарыста ел рекордын орнатты

Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Astana Indoor Meet турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты.

Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз рекордын жаңартты. Ол аталған қашықтықты 7,59 секундта жүгіріп өткен.

Бұған дейінгі елдің ең үздік көрсеткіші 7.62 секундты құраған. Финалда қазақстандық атлет төртінші орынға табан тіреді.

Қазақстан командасы сапынан Надежда Дубовицкая үздік нәтиже көрсетті. Ол биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алды.

Астанадағы әлемдік турнирде әлемнің 45 мемлекетінен 136 атлет бақ сынады. Жарысқа қатысушылар арасында әлем рекордшылары, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары бар.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар