Дзюдо

Әбужақынова әлемдік Гран-при жүлдегері атанды

Әбужақынова әлемдік Гран-при жүлдегері атанды
Дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Сила Ерсінді (Түркия) ұтты, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы.

Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге дейін барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. 

Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы - дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады. 

Басқа спорттық жаңалықтар