Үстел теннис

Жанерке Көшкімбаева Катардағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Жанерке Көшкімбаева Катардағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Үстел теннисінен спорт шебері Жанерке Көшкімбаева Катар астанасы Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті.

Айта кетелік, бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді.

WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған болатын.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар