Australian Open

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің ширек финалында сүрінді

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің ширек финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Australian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Жасөспірімдер арасындағы әлемнің 27-ракеткасы Әмір Омарханов ширек финалда нидерландтық Мес Роттгерингке қарсы ойнады.

Рейтингте 25-орында тұрған Роттеринг екі сетте басымдық танытты. Есеп - 6:2, 6:0.

Осылайша, Әмір жарысты аяқтады.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар