Футбол

"Ордабасы" еуропалық құрама қақпашысын сапына қоспақ

Gooal.kz

Хорватиялық қақпашы Карло Сентич карьерасын ҚАзақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Meta-ratings.kz мәліметінше, 22 жастағы футболшы шымкенттік «Ордабасы» сапына қосылуы ықтимал.

Хорватиялық «Хайдуктың» түлегі карьерасында отанында «Вараздин» және венгриялық «Диошдьёр» сапында өнер көрсеткен.

Хорватияның 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында да ойнады.

Қазіргі таңда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған шымкенттік клубтың негізгі қақпашысы Бекхан Шайзада. Ал екінші қақпашы Мұхаммеджан Сейсен "Ордабасынан" кетуі ықтимал.

Хорватиялық голкипердің трансферлік құны 450 мың еуроға бағаланып отыр.


Басқа спорттық жаңалықтар