Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» СКА командасынан ірі есеппен жеңілді

 «Барыс» СКА командасынан ірі есеппен жеңілді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізді.

Ресейлік клуб жылма-жыл үздіктер қатарынан көрініп келеді. Биыл да сол үрдіспен турнир кестесінде алдыңғы орынның бірінде тұр. Олар 54 ойыннан кейін 73 ұпаймен 5-орынға жайғасқан.

Есесіне «Барыстың» жағдайы мәз емес. Елордалық клуб 53 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орынды місе тұтып тұрған жайы бар.

Кездесу барысында ресейлік клуб тізгінді өз қолында ұстады. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Алекс Гальченюк 5-ші, Василий Глотов 13-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде СКА сапынан Марат Хайруллин 23-минутта командасының басымдыған арттырды.

Ал үшінші кезеңде олардың қатарынан Арсений Грицюк 42, Марат Хайруллин 43, Василий Глотов 45, Степан Фальковский 52-минутта гол соқты.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 7:0 есебімен ойсырай жеңілді.

Елордалық клуб алдағы ойынын 26 қаңтарда Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді.

СКА (Санкт-Петербург, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 7:0 (2:0, 1:0, 4:0)

Шайбалар:

1:0 — 05:58 Гальченюк (Грицюк, Сапего). В равенстве

2:0 — 13:15 Глотов (Грицюк, Зыков). В большинстве

3:0 — 23:35 Хайруллин (Глотов). В равенстве

4:0 — 42:39 Грицюк (Сапего, Гальченюк). В равенстве

5:0 — 45:12 Хайруллин (Зыков, Ремезовский). В равенстве

6:0 — 45:17 Глотов (Грицюк, Хайруллин). В большинстве

7:0 — 52:46 Фальковский (Грицюк). В равенстве

Қақпашылар: Серебряков — Паскуале 00:00-45:17, Шутов 45:17-60:00

Айыппұл: 19:17 (0:4, 15:9, 4:4).


Источник: hcbarys.kz

Басқа спорттық жаңалықтар