Теннис

Қазақстандық жас теннисші Аустралиядағы турнирді сәтті бастады

 Қазақстандық жас теннисші Аустралиядағы турнирді сәтті бастады

14 жастағы қазақстандық теннисші Ева Корышева Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирін сәтті бастады.

А тобына түскен Ақтөбе теннис мектебінің түлегі алдымен өзбекстандық Эмилия Кимді 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Содан кейін аустралиялық Эмили Ченнен айласын асырды – 7:5, 6:0.

Ертең Ева Корышева үндістандық Харита Ванкатешпен кездеседі.

Өткен жылы осы жарыста астаналық Альбина Кәкенова финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш болып Әмір Омархановтың ширек финалға шыққанын жазған едік. Ал Аустралия чемпионатында Асылжан Арыстанбекова жартылай финалдан тыс қалды.


Дереккөз: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар