Хоккей

Хоккейден Қазақстан командасы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Хоккейден Қазақстан командасы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

3х3 хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы Канвон-2024 Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Топтағы шешуші матчта қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияны 22:13 есебімен жеңді.

Осылайша, өз тобында төртінші орын алған Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта біздің хоккейшілер Латвияға қарсы ойнайды. Кездесу 24 қаңтар күні таңғы 09:00 жоспарланған.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар