Конькимен жүгіру

Кристина Шумекова Канвонда қатарынан екінші рет үздік жетілікке енді

Кристина Шумекова Канвонда қатарынан екінші рет үздік жетілікке енді

Бүгін Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен 1500 метрге жүгіруден қыздар арасындағы жарыс мәресіне жетті.

Бұл сында Қазақстан намысын Кристина және Алина Шумековалар қорғаған болатын.

Кристина Шумекова 2:06.47 нәтижесімен жетінші орынға табан тіреді. Алина 11-орынмен шектелді.

Конькиші қыздар додасында нидерландтық Энджел Далеман жеңіске жетті.

Айта кетелік, бір күні бұрын Кристина мен Алина Шумековалар 500 метрге жарысудан үздік ондыққа енген болатын.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар