Елена Рыбакина тағы бір халықаралық турнирде бақ сынайды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін WTA 500 турниріне қатысады.
Аталмыш турнир 3-11 ақпан аралығында Абу-Дабидегі Zayed Sports City спорт қалашығында өтеді. Бұл жарыста 28 теннисші жекелей сында, ал 16 теннисші жұптық сында бақ сынайды.
Турнирге қатысатыны расталған спортшылар тізімі:
Наоми Осака (Жапония);
Эмма Радукану (Ұлыбритания);
Елена Рыбакина (Қазақстан);
Онс Жабер (Тунис);
Мария Саккари (Грекия);
Барбора Крейчикова (Чехия);
Беатрис Хаддад Майя (Бразилия);
Елена Остапенко (Латвия);
Людмила Самсонова;
Дарья Касаткина;
Вероника Кудерметова;
Кэролайн Гарсия (Франция);
Магда Линетт (Польша);
Сорана Кырстя (Румыния);
Анастасия Потапова;
Ангелина Калинина (Украина);
Жасмин Паолини (Италия);
Эмма Наварро (АҚШ);
Леся Цуренко (Украина).
Осыған дейін Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатына қатысып, турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалған еді. Ол әлемнің 57-ракеткасы, Ресей өкілі Анна Блинковаға есе жіберді.
Жыл басында Елена Рыбакина Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.
Дереккөз: mubadalaabudhabiopen.com