Хоккей

Жасөспірімдер Олимпиадасы-2024: Қазақстан Испанияны талқандады

Жасөспірімдер Олимпиадасы-2024: Қазақстан Испанияны талқандады

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы Канвон Олимпиадасының топтық кезеңінде Испанияны ірі есеппен жеңді.

Бүгін өткен кездесуде қазақстандықтар 14:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл біздің команданың аралық нәтижеде төртінші орынға көтерілуіне себеп болды.

Топтағы соңғы ойынды қазақстандықтар Ұлыбританияға қарсы өткізеді.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар