Футбол

«Фулхэмнен» тегін алмақ. «Милан» Адарабиойоға көз тігіп отыр

«Фулхэмнен» тегін алмақ. «Милан» Адарабиойоға көз тігіп отыр
Transfermarkt

Англиялық «Фулхэм» қорғаушысы Тосин Адарабиойо карьерасын италиялық «Миланда» жалғастыруы мүмкін, деп жазады Джанлука Ди Марцио.

Миландықтар 26 жастағы футболшыны англиялықтармен келісімшарты аяқталғанда сапына тегін қосып алмақ ниетте немесе қаңтарда аздаған өтемақы үшін сатып алуы мүмкін. 

Адарабиойо «Манчестер Сити» түлегі. Ал «Фулхэм» сапында 2020 жылдан ойнап келеді.

Биылғы маусымда ол 12 матчте бір гол салды.

Transfermarkt Адарабиойоның трансферін 12 миллион еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар