Теннис

Александр Шевченко Мюнхендегі турнирдің бірінші айналымынан аса аламады

Александр Шевченко Мюнхендегі турнирдің бірінші айналымынан аса аламады
Global Look Press

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан ATP турнирінде бірінші айналымнан аса алмады.

Қазақстандық теннисші бірінші ойынын германиялық Янник Ханфманмен екі жарым сағат ойнап, 7:6, 3:6, 5:7 есебімен ұтылды.

Ақпан айында Қазақстан азаматтығын алған 23 жастағы ресейлік Шевченко бүгінде ATP жекелей рейтингінде 63-орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар