Спорт

Ресей Көшпенділер ойындарын өткізуді қарастырып отыр

Ресей Көшпенділер ойындарын өткізуді қарастырып отыр
worldnomadgames.kz

Ресей Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын өткізу мәселесін қарастырып отыр, деп хабарлайды Ресейдің ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің комитеті.

Ұйымның вице-президенті Игорь Павлюктің сөзінше, ойынарды өткізу құқын алар алдында олар бірқатар мәселелерді шешіп алмақ.

"Біздің ел де көшпенділер өркениетінің бір бөлшегі болды және өзіндік дәстүр мен мәдениеті бар. Спорт - ол тек жарыс емес, бұл достық, құрмет пен ниеттестік", - дейді Павлюк.

Басқа спорттық жаңалықтар