Спорт
Қытайдағы жарыста қазақстандық өрмелеушілер екі жүлде жеңіп алды
ҚР ҰОК
Тайань (Қытай) қаласында бүгінде спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жарыста қазақстандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» сынында екі күміс жүлдеге ие болды. Олар - Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.
Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден, Ұлжабаева Шисюэ Мэнгеден (Қытай) кейін болды.